Тазару күні » Алматы қаласы Білім басқармасының "№137 арнайы бөбекжай-балабақша" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 арнайы бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 338-58-66
Әдіскер:
+7(727) 275-40-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
март
2025

Тазару күні

https://www.instagram.com/p/DHiAevaquSb/​​​

Наурыз – қазақ халқы үшін көктемнің, жаңаруы.»Наурызнама» деп аталатын онкүндік енгізіліп, әр күнге ерекше мағына берілді. Солардың бірі – 23 наурызға белгіленген «Тазару күні».

Бұл күн тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, рухани тазалықты да дәріптейтін мейрам. Табиғатты қорғау мен ішкі жан дүниені жаңғырту идеясы осы күннің негізгі ұранына айналған. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде осы күнге орайластырылған ауқымды экологиялық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тазару күні – экологияға қосылған үлес
Бүгінде экологиялық проблемалар жаһандық деңгейде өзекті мәселе болып тұр. Климаттың өзгеруі, қоқыс қалдықтарының көбеюі, ауаның ластануы – шешуді қажет ететін күрделі мәселелер. Осыған байланысты, «Тазару күні» экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатты аялауға шақыруға бағытталған.