Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. » Алматы қаласы Білім басқармасының "№137 арнайы бөбекжай-балабақша" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№137 арнайы бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 338-58-66
Әдіскер:
+7(727) 275-40-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады.
16
март
2025

Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады.

https://www.instagram.com/p/DHQykfmtYlg/

Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.

Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - салт-дәстүрі. Ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.
Әріптесіміз Алтынай ханымды “тұсау кесу” дәстүрін көпшілік назарына ұсынғанына алғысымыз шексіз, балапанға ақ жол тілейміз! Тұсау кесу – қазақтың көне дәстүрлерінің бірі, ол бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бұл сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы.