«Шаңырақ» күні » "Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) №137 бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) №137 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 338-58-66
Әдіскер:
+7(727) 275-40-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2025

«Шаңырақ» күні

https://www.instagram.com/p/DHTP8zlKMJG/


Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.

Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.